Артқа
Артқа

Қор басшысы Жамбыл облысы әкімінің орынбасарымен МӘМС мәселелерін талқылады

Бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Қор Басқармасының Төрағасы Болат Төкежанов әкімнің денсаулық сақтау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары Алмас Мәдиевпен кездесті. Кездесуге өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Хамит Мырзақасымов та қатысты. Тараптар өңірде медициналық сақтандыруды іске асырудың, оның ішінде халықты МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, облыс халқының саны 1,1 млн адамды құрады. Бұл ретте биылғы 1- тамыздағы жағдай бойынша халықтың 21,7% - ы немесе 248 мың адам МӘМС жүйесімен қамтылмаған.

Әкімнің орынбасары атап өткендей, бұл бағытта әкімдік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүйелі жұмыс жүргізуде және ол жалғасатын болады.

Сондай-ақ, кездесу барысында халықты алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға бекіту мәселесі көтерілді. Облыс әкімдігі Қор филиалынан халықтың алғашқы медициналық көмекке, профилактикалық медициналық тексерулерге және скринингтік тексерулерге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 15 қыркүйектен басталып, 15 қарашаға дейін жалғасатын болашақ тіркеу науқаны аясында осы бағыт бойынша белсенді көмек көрсетуді сұрады.

Кездесудің тағы бір маңызды сәті облыстың денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды талқылау болды. Болат Төкежанов медициналық ұйымдарда корпоративтік басқаруды арттыру қажеттігін атап өтті. Қор филиалына жағдайды зерттеу және осы мәселені бақылауда ұстау тапсырылды. Қазіргі уақытта мемлекет және МӘМС жүйесі арқылы халыққа сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаражат бөледі.

Қор басшысының мәліметінше, 2021 жылы облыстың денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың алдыңғы кезеңдерімен салыстырғанда 32% - ға, 74 млрд-тан 98 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Айта кетейік , қазіргі таңда МӘМС жүйесінде 70 медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді, оның 34-і жеке меншік.

Кездесу соңында Болат Төкежанов ӘМСҚ филиалының жаңа директоры Ләззат Әлімованы таныстырып, бұрынғы басшыға жемісті жұмысы мен елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

Әкімнің орынбасары Алмас Мәдиев өз кезегінде филиалдың жаңа басшылығына сәттілік тілеп, облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді.

20.08.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНЫЙ СОВЕТ ФСМС: ДОСТИЖЕНИЯ И ПЛАНЫ
ҚОРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің ағымдағы құрамымен соңғы отырысы өтті. Шарада 2024 жылдың алдын ала жұмыс қорытындылары шығарылып,  Қордың ахуалдық-талдау орталығының қызметі таныстырылды. Сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
25.12.2024
СКОЛЬКО ПЛАТИТЬ НА ОСМС В 2025 ГОДУ
2025 ЖЫЛЫ МӘМС-КЕ ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ
Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.
24.12.2024
ЗАПУСК СУР: КОМУ ЭТО ВЫГОДНО И КАК БУДЕТ РАБОТАТЬ
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ: БҰЛ КІМГЕ ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Медициналық ұйымдарды тәуекел аймақтарына бөледі. Олардың үштен екісі «жасыл дәлізге» кіреді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында бұның қандай нәтиже беретінін түсіндірді.
20.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу